11 наурызда 7 сынып оқушыларымен «What do you know about Kazakh traditions» викторинасы өткізілді. Бұл викторина Қазақстан халқының ұлттық салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдетуге және қайталауға бағытталған. Балалар ойын-сауық түрінде ағылшын тілі сабақтарында алған білімдерін қайталап, бекітті, ой-өрісін кеңейтті және ағылшын ауызекі сөйлеу тәжірибесін пысықтады.