2020 жылы ұлы ойшылдың 175 жылдығы қарсаңында Қазақстанда жаңа мереке - «Абай күні» бекітілді.
Бүгін республика бойынша қазақтың ұлы ақыны, ойшылының туған күніне орай түрлі іс-шаралар өткізілуде. Биыл оның туғанына 179 жыл толды. Біздің қаламызда «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамы» ҚБ-мен «Достық» саябағында қала мектептерінің 7-10 сынып оқушыларымен «Абай әлеміне саяхат» квест ойыны өткізілді.
ҚОӘ ББ «Рудный қ. ҚБ № 3 мектеп» КММ «Абай ұрпақтары» топтың құрамына Гордеев Даниил, Попов Даниил, Маляренко Анастасия, Минко Дарья, Уразымбетова Алель, Глухов Кирилл, Кротова Анастасия кірді. Біздің мектептің балалары лайықты өнер көрсетіп, жүлделі 1 орынға ие болды. Ұйымдастырушылар түрлі станцияларды дайындады, оларды балалар қызығушылықпен өтіп, ұпай жинады. Қатысушылар тапқырлық, шығармашылық танытты, Абай әндерін шырқады, өлеңдерін мәнерлеп оқыды, садақ атып, мергендіктерін көрсетті!!!!
Біздің команда мүшелеріне және балаларды дайындаған дарынды педагогтер Баетова Бибигуль Фазылжановна, Доспанова Алия Ермекпаевна, Ахметбекова Ляззат Кужегариновна белсенді қатысқаны және қол жеткізген жетістіктері үшін алғыс айтамыз!