Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Рудный қаласы білім бөлімінің № 3 жалпы білім беретін мектебі» КММ

AA+
+7 (777) 777-77-77

Notice: Undefined index: headerType in /var/www/vhosts/school3rdn.edu.kz/httpdocs/templates/shkola_it/html/mod_btn/authMobileDropdown.php on line 20
Вход в аккаунт kz

2024 жылдың 18 қазанында мектебімізде “Жұлдызды отбасы” атты жарқын әрі есте қаларлық іс - шара өтті. Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігіне орай ұйымдастырылған бұл мереке “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын іске асыруда тағы бір қадам жасады.
Бұл күні мектеп, шынымен де, шығармашылық орталыққа айналды. Өз таланттарын көрсеткен 16 отбасы мерекеге ерекше көңіл - күй сыйлады. Қатысушылар әр түрлі өнерлерін ұсынды: қызықты билер, көңілге қонымды әндер, ерекше сахналық көрсетілім, поэзиялық оқулар мен цирк көрінісі. Әр нөмір туған жерге деген сүйіспеншілік, дәстүрге терең құрмет пен отбасылық құндылықтарға деген ықыласқа толы болды.
“Жұлдызды отбасы” іс - шарасы оқушылар мен ата - аналардың шығармашылық әлеуетін ашуға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен қатар отбасылық байланыстарды нығайтуға да ықпал етті. Мектеп пен отбасының өзара әрекеттесуі - жас ұрпақты сәтті тәрбиелеу мен оқытудың кепілі.
№3 ЖББМ “Жұлдызды отбасы” байқауының барлық қатысушыларына алғыс айтады және жеңімпаздарды құттықтайды:
Гран - При - Татьяна Владимировна, Дарья мен Алексей Чекановтар;
1 орын - Галина Николаевна мен қызы Дарья Тарасовалар;
2 орын - Наталья Владимировна мен ұлы Глеб Злобенколар;
3 орын - Гульзана Еркебулановна мен қызы Сабит Айяулым.
Баршаңызға шығармашылық табыс тілейміз!